Kaspersky Security Center Cloud Console консоліне тасымалдау туралы

Сіз деректерді Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінен Kaspersky Security Center Cloud Console консоліне жылжытуды қолмен орындай аласыз. Осыдан кейін, сіз "Лаборатория Касперского" инфрақұрылымында орналасқан Басқару серверіне және дерекқорларды басқару жүйесіне (ДҚБЖ) қатынаса аласыз. Сізге физикалық сервер немесе ДҚБЖ қажет емес: екеуіне де "Лаборатория Касперского" мамандары қызмет көрсетеді.

Сіз Windows, Linux немесе macOS операциялық жүйелері басқаратын құрылғылардың деректерін Kaspersky Security Center Cloud Console басқаруына жібере аласыз. Егер сіздің желіңізде Басқару сервері иерархиясы болса, оны Kaspersky Security Center Cloud Console консоліне сақтауға болады. Бұдан бөлек, сіз келесіні жылжыта аласыз:

Деректерді жылжыту аяқталғаннан кейін, сіз құрылғыларды Kaspersky Security Center Cloud Console консолі арқылы басқара аласыз. Бұл ретте, тасымалданатын нысандар сақталады, ал Желілік агент барлық басқарылатын құрылғыларға қайта орнатылады.

Деректерді тасымалдауды қалай орындау керектігі және алдын ала талаптардың тізімі Kaspersky Security Center Cloud Console анықтамасында көрсетілген.

Басына оралу